1

2

3

4

5

Бүгін 27 ақпан күні Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі С. Қожаниязов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында облыстың іске асырылып жатқан ауқымды су шаруашылығы нысандарымен, оның ішінде Ислам Даму Банкі қаражаты есебінен Ескелді ауданының суару жүйелерін реконструкциялау жобасымен және Жұмыспен Қамту Жол Картасы шеңберінде Қаратал бөгетін, Көксу бөгетін, Өсек өзеніндегі гидроторабын реконструкциялау және Талдықорған қаласының суару жүйелерін қайта жаңғырту, Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстарын стенд арқылы танысты. Сонымен қатар, Облыс әкімдігі ғимаратында селекторлық режимде аудандардың ауылшаруашылығы ірі тауарөндірушілердің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өткізілді. Жиналыс аясында 2021 жылғы суару науқанына қатысты өзекті мәселелер талқыланды, атап өтсек:
-Су шаруашылығы нысандарының вегетациялық кезеңге дайындығы,
-Биылғы жылдың су қорларының аздығына байланысты алдын ала жүргізілетін іс-шаралар,
-Трансшекаралық өзендердің су бөлу мәселелері туралы ақпарат және тағы басқалары.
Жиналыста су шаруашылығының бүгінгі жағдайы туралы баяндағандар: Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Турдалиев, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы Р. Иманбет, «Қазсушар» РМК-ның Алматы филиалы директоры С. Құдайбергенов және «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы Каналы» филиалының директоры С. Мұқатаев және басқа жауапты тұлғалар. Селекторлық жиналыста аудандық әкімдіктердің және ірі тауарөндірушілердің толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар алынды.
Жиналыс нәтижесімен биылғы су беру маусымына су тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.