Су шаруашылығы қызметкерлер күні
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында мерекелік күндер тізімін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы №689 Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» «Аталмыш қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерекелік күндер тізімі келесі мазмұндағы 17-2 тармағымен толықтырылсын: «17-2. Су шаруашылығы қызметкерлері күні – 9 шілде» деп белгіленген.
Алматы облысы Қазақстанның аграрлық дамудағы жетекші өңірі болғандықтан, экономикалық бағытта суармалы егіншілік маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда ирригация арқылы сумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі. Суармалы егістік жерлерге су көздерінен су қоймалар, тораптар және бөгеттерден алынып, магистралдық арналарға су жеткізу қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Су шаруашылығы саласындағы қызметкерлерге бұл кәсіби мереке биыл үшінші жыл тойлануда, осыған орай қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК-ның ұйымдастыруымен «Қазсушар» РМК Алматы филиалының қызметкерлеріне «Су шаруашылығының үздігі», «3-ші дәрежелі Еңбек даңқы», "Үздік гидротехник" және алғыс хаттарды табыстау үшін ауқымды іс-шара өткізілді.
Республика бойынша еңбекте оң нәтижелі көрсеткіштерін орындаған «Қазсушар» РМК Алматы филиалының Панфилов өндірістік учаскесінің қызметкері Исаев Бейбіт "Үздік гидротехник" наминациясын жеңіп алды. Осыған орай, Қазсушар» РМК Алматы филиалының ұжымы құттықтай отырып, еңбекте толағай табыстар, мықты денсаулық, отбасылық береке және жұмыста табыстар тілейді.