СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАУ
«Су шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі аясында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК және «Қазсушар» РМК Алматы филиалының жергілікті кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен облыстың су шаруашылығы саласына елеулі үлес қосқан су шаруашылығы ардагерлеріне тәтті себет сыйға тартылып, құттықтау шаралары өткізілді.
«Қазсушар» РМК Алматы филиалында бұрын қызмет еткен су шаруашылығы ардагерлері «Қазсушар» РМК-ның бас директоры Алтай Аралбайұлына және «Қазсушар» РМК-ның Алматы филиалының басшылығына көңіл бөліп, құттықтау шараларын жүргізгені үшін алғыстарын білдірді.