Ақсу өндірістік учаскесі бойынша ақпарат

 Ақсу өндірістік учаскесі ҚР ЭТР СРК "Қазсушар" РМК Жетісу филиалының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, орналасқан мекен-жайы: Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы, ул: Қабанбай батыр,8;

жұм.тел:8(728-32)2-11-76;эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ақсу өндірістік учаскесі Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсетеді және осы мақсатта су шаруашылығы нысандарын пайдалануда қауіпсіздік шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Штат кестесі бойынша адам саны – 105. қызметкерлердің жұмысы тұтынушыларға суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсетуге, сондай-ақ су шаруашылық нысандарын ұстауға және жөндеуге бағытталған.

  1. Жоғарғы-Ақсу су торабы 1970 жылы салынған. Ең жоғарғы өткізу қабілеті-162 м3/сек.
  2. Төменгі-Ақсу су торабы 1965 жылы салынған. Ең жоғарғы өткізу қабілеті 188 м3/сек.
  3. Құрақсу су торабы 1986 жылы салынған. Ең жоғарғы өткізу қабілеті 288 м3/сек.
  4. Биен су торабы 1980 жылы салынды. Қазіргі уақытта аталмыш нысан апатты күйде.
  • Сол жақ жағалау магистралды каналы ұзындығы 12,4 км құрайды, өткізу қабілеті-17 м3/сек.
  • Оң жағалау магистралды каналдың ұзындығы 3,4 км құрайды, өткізу қабілеті 5,6 м3/сек.
  • Көккамыс магистралды каналы, каналдың ұзындығы 15 км, өткізу қабілеті, 11 м3/сек.

2018 жылы су пайдаланушылармен көлемі 88,545 млн. м3 су беру қызметіне 680 келісім -шарт жасалды.

2019 жылы су пайдаланушылармен көлемі 90,806 млн. м3 су беру қызметіне 644 келісім -шарт жасалды.

2020 жылы су пайдаланушылармен көлемі 96,625 млн. м3 су беру қызметіне 675 келісім -шарт жасалды.

 

Ақсу ӨУ басшысы - Нургельдин Адильмурат

8d1deca2 10fe 477f 9edd bc8aa4e3e32d

Ақсу өндірістік учаскесінің ұжымы