Қаратал өндірістік учаскесі бойынша ақпарат

Қаратал өндірістік учаскесі ҚР ЭТР СРК "Қазсушар" РМК Жетісу филиалының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, орналасқан мекен-жайы: Қаратал ауданы, Бастобе ауылы, Мусабек көшесі 10;

жұм.тел:8(728-34)4-03-07,4-00-93; эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қаратал өндірістік учаскесі Қаратал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсетеді және осы мақсатта су шаруашылығы нысандарын пайдалануда қауіпсіздік шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Штат кестесі бойынша адам саны – 98. Қызметкерлердің жұмысы тұтынушыларға суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсетуге, сондай-ақ су шаруашылық нысандарын ұстауға және жөндеуге бағытталған.

  1. Қаратал бөгеті 1941 жылы салынды. Ең жоғарғы өткізу қабілеті 800 м3/сек.
  2. "Ескі Күшік" су торабы 1988 жылы салынған. Ең жоғарғы өткізу қабілеті 20 м3/сек.
  • Үштөбе магистралды каналы, ұзындығы 64,2 км құрайды, өткізу қабілеті 55 м3/сек.
  • Күшік -Кәлпе магистралды каналы, ұзындығы 47,2 км құрайды, өткізу қабілеті 20 м3/сек.
  • Ескі Күшік магистралды каналы, ұзындығы 4,0 км құрайды, өткізу қабілеті 3,2 м3/сек.

2018 жылы су пайдаланушылармен көлемі 96,900 млн. м3 су беру қызметіне 375 келісім -шарт жасалды.

2019 жылы су пайдаланушылармен көлемі 102,795 млн. м3 су беру қызметіне 388 келісім -шарт жасалды

Karatal

Қаратал ӨУ басшысы - Омирбеков Бакытжан Аскарбекович

 

9

Қаратал өндірістік учаскесінің ұжымы