Шенгелді өндірістік учаскесі бойынша ақпарат

Шенгелді өндірістік учаскесі ҚР ЭТР СРК "Қазсушар" РМК Жетісу филиалының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, орналасқан мекен-жайы: Жетісу облысы, Қапшағай қаласы, Шеңгелді а/о, 259 есептік квартал 350 телім.

Шенгелді өндірістік учаскесі Кербұлақ ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсетеді және осы мақсатта су шаруашылығы нысандарын пайдалануда қауіпсіздік шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Штат кестесі бойынша адам саны – 18. Қызметкерлердің жұмысы тұтынушыларға суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсетуге, сондай-ақ су шаруашылық нысандарын ұстауға және жөндеуге бағытталған.

Қапшағай қаласы Шеңгелді суару массиві I және II көтерулердің сорғы станциялары, суармалы жерлер алаңы1 400 га.

2018 жылы су пайдаланушылармен көлемі 1,194 млн. м3 су беру қызметіне 1 келісім -шарт жасалды.

2019 жылы су пайдаланушылармен көлемі 3,083 млн. м3 су беру қызметіне 2 келісім -шарт жасалды.

Шенгелді ӨУ басшысы - Даулетяров Марат Жанатович