• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
Obystroy.com

Панфилов өндірістік учаскесі бойынша ақпарат

Панфилов өндірістік учаскесі ҚР ЭТР СРК "Қазсушар" РМК Жетісу филиалының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, орналасқан мекен-жайы: Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкого көшесі 290;

жұм.тел: 8 (728-31) 9-40-11, 9-40-12, эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Панфилов өндірістік учаскесі Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсетеді және осы мақсатта су шаруашылығы нысандарын пайдалануда қауіпсіздік шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Штат кестесі бойынша адам саны – 200. Қызметкерлердің жұмысы тұтынушыларға суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсетуге, сондай-ақ су шаруашылық нысандарын ұстауға және жөндеуге бағытталған.

  1. Өсек су торабы 1972 жылы салынған. Ең жоғарғы өткізу қабілеті 339 м3/сек.
  2. Тышқан су торабы 1980 жылы салынған. Ең жоғарғы өткізу қабілеті 120 м3/сек.
  3. Барахудзир су торабы 1990 жылы салынған. Ең жоғарғы өткізу қабілеті 150 м3/сек.
  4. «Достық» біріккен су торабы 2013 жылы пайдалануға берілген. Ең жоғарғы өткізу қабілеті 617,1 м3/сек

Суармалы суды жеткізу (Басқұншы, Қорғас, Жоғарғы-қалалық, Бұрақожыр, Үшарал, Енбекші, Тышқан) жеті учаске арқылы жүзеге асырылады.

2018 жылы су пайдаланушылармен көлемі 301,442 млн. м3 су беру қызметіне 3012 келісім -шарт жасалды.

2019 жылы су пайдаланушылармен көлемі 298,847 млн. м3 су беру қызметіне 3070 келісім -шарт жасалды

 

Панфилов өндірістік учаскесінің ұжымы

  kollektiv