Ұйғыр өндірістік учаскесі бойынша ақпарат

Ұйғыр өндірістік учаскесі ҚР ЭТР СРК "Қазсушар" РМК Жетісу филиалының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, орналасқан мекен-жайы: Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Абдразаков көшесі,20.

 жұм.тел: 8 (727-78) 2-52-30;эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ұйғыр өндірістік учаскесі Ұйғыр ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсетеді және осы мақсатта су шаруашылығы нысандарын пайдалануда қауіпсіздік шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Штат кестесі бойынша адам саны – 42. Қызметкерлердің жұмысы тұтынушыларға суармалы суды жеткізу бойынша қызмет көрсетуге, сондай-ақ су шаруашылық нысандарын ұстауға және жөндеуге бағытталған.

  1. "Сары-Бұлақ" су қоймасы 1978 жылы салынды. Толық жобалық көлемі– 1,583 млн. м3, пайдалы көлемі - 1,558 млн. м3, өткізу қабілеті – 6,6 м3/сек.
  2. " Добын-1" су қоймасы 1980 жылы салынды. Толық жобалық көлемі– 0,281 млн. м3,пайдалы көлемі – 0,238 млн. м3, өткізу қабілеті – 0,2 м3/сек.
  3. " Добын-2" су қоймасы 1980 жылы салынды. Толық жобалық көлемі– 0,254 млн. м3,пайдалы көлемі – 0,224 млн. м3, өткізу қабілеті – 0,2 м3/сек.
  4. "Бақ Кетпен" су қоймасы 1987 жылы салынды. Толық жобалық мөлшері– 0,120 млн. м3,пайдалы көлемі – 0,113 млн. м3, өткізу қабілеті – 8,4 м3/сек.
  5. "Үлкен Ақсу" су қоймасы 1987 жылы салынды. Толық жобалық көлемі– 0,189 млн. м3,пайдалы көлемі – 0,176 млн. м3, өткізу қабілеті – 8,38 м3/сек.

2018 жылы су пайдаланушылармен көлемі 74,943 млн. м3 су беру қызметіне 578 келісім -шарт жасалды.

2019 жылы су пайдаланушылармен көлемі 85,411 млн. м3 су беру қызметіне 645 келісім -шарт жасалды.

 DSC3046

Ұйғыр ӨУ басшысы:Тохсунов Зайнидин Зунунович

 

98f66e

Ұйғыр өндірістік учаскесінің ұжымы